СҚО-да мамыр айында жоғалған ер адамның денесі табылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да мамыр айынан бері іздестірілген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның өліміне күдікті ретінде полицияға айыбын мойындап келген 43 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Алғашында ер адамды іздестіру жұмыстары еш нәтиже берген жоқ. Сол үшін тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарды іздеу жұмыстарына көмектесуге шақырды. «Lider.kz» еріктілер қозғалысының өкілдері әлеуметтік желілерде хабар-ошарсыз кеткен адам туралы хабар таратты.

Із-түзсіз жоғалған Сергей Владимирович Багинскийдің денесі Келлеровка ауылында тек шілде айының ортасында табылды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

-Қылмыс жасады деген күдікпен полицияға айыбын мойындап келген марқұмның 43 жастағы жерлесі ұсталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 99 — бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz