Қазақстанда жиһаз 19 пайызға қымбаттады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстан жиһаз импортына өте тәуелді. Дегенмен биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда жиһаз өндірісі 51,7 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 25,2% көп (ЖТҚ – 128,8%), деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Алматыда тіркелді: 13,7 млрд теңге, плюс бір жылда 14%. Екінші және үшінші қатарда Қарағанды ​​(4,9 млрд теңге, плюс 57,9%) және Алматы (4,7 млрд теңге, плюс 58%) облыстары тұр.

— Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар металл орындықтар мен басқа да отыратын жиһаздарға деген сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) 32,6% ақтаған. Бір жыл бұрын 51,6% болған еді. Ал ағаш орындықтарды 13,3%, басқа орындықтарды – 2,1% ғана қамтамасыз етті, — делінген Energyprom.kz хабарламасында.

Кеңсеге арналған ағаш жиһаз бойынша қорытынды жаман емес. Жарты жылда отандық өндірушілер сұраныстың 77,3%-ын қамтамасыз етті. Бөлшек сауда кәсіпорындары үшін жиһаз сегментінде бұл көрсеткіш 67,5%, ас үй жиһазы секторында 63%, матрац сегментінде 56,9% (бір жыл бұрын 61,1%) болды. Бірақ асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһазға сұраныстың 13,3%-ы ғана жабылған.

Жалпы алғанда ел жиһаз секторында өзін-өзі қамтамасыз етуге әлі дайын емес. Биыл тамыз айының соңында жиһаз және тұрмыстық заттар бағасы бір жылда 19,2% өсті. Өңірлер бойынша баға Шығыс Қазақстан (+33,1%), Ақмола (+31,1%), Қарағанды ​​(+29,6%), Алматы (+26,6%) және Қостанай (+25,9%) облыстарының тұрғындарының әмиянына түсті. Ең аз жылдық баға өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: 4,3%.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz