СҚО-дағы «Қызыл – Оба мазарында» тас дәуіріне жататын тұрмыстық заттар табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

 Археологтардың айтуынша, жер астынан шыққан қайқы пышақ, түйреуіш, өркешті пышақ, қайрақ тас секілді құралдар ежелгі неолит кезеңінен сыр шертеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қызыл — Оба» қорымы 2019 – ыншы жылы ашылды. Сілеті өзінің бойынан Алтын Орда дәуіріне жататын 7 кесене табылып, ежелгі адамдардың сүйегі көтерілді. Ал, биыл ескерткіш маңынан неолит кезеңінде қолданылған заттар табылды.

-Бұл жерде осыдан 8 мың жыл бұрын адамдар өмір сүрген. Мына құралдарға қарап олардың аң аулағанын, тері өңдеп, ағаштан бұйым жасағанын айтуға болады. Енді қазба жұмыстарын жалғастырып, бұл жақты терең зерттеу керек, дейді Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері Сәуле Рахымжанова

Биыл қорымдағы қазба жұмыстары 10 жерде жүргізілді. Археологтар тағы да орта  ғасырларда салынған 3 мазар мен өндірістік пештерге тап болған. «Бұл отырықшылық өмір салты», — дейді тарихшылар.  «Қызыл- Оба» қорымының аумағында бүгінгі таңда 10 – нан аса өндірістік пеш табылғаны сол   замандағы адамдар кірпіш жасаумен айналысқанын көрсетеді.  Сондықтан тарихшылар мұнда Алтын Орда дәуірінің қалашығы болуы мүмкін деген болжап отыр.

Тарихшылардың пайымынша, бұл жерде Жошы ханның ұрпақтары жерленген. Мазардан табылған бағалы әшекей бұйымдары мен қару – жарақтар олардың төре болғанын аңғартады. Алтын Орда қонысын халықаралық сарапшылар да мойындап отыр.

Былтыр «Қызыл — Оба»  қорымында 55 млн. теңгеге жабық нысан салынды. Бұл мазарларды қар мен жаңбырдан, шаң – тозаңнан сақтайды. Әрі археологтардың жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді.

-Қазір осы объектіні сақтап қалу үшін, одан әрі дамыту үшін мынау зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін біз музеефикациялау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Міндетті түрде бұдан да көп жаңалық ашылады деп есептейміз, -деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Келесі жылы қазба жұмыстарына Ұлыбритания елінің археологтары келіп қосылады. Ал, тарихшылар тарихи ескерткішті қазірдің өзінде «Юнеско» — ның мәдени мұралар тізіміне енгізуді ұсынып отыр.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz