Уәлихановтар қонысына апаратын жолды жөндеуге 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақан сері әнге қосқан әйгілі Сырымбет ауылындағы Айғаным қонысын көруге алыстан ат арытып келетіндер көп. Бірақ  ұлылардың ізі қалған осы бір тарихи мекенге жету қиынның қиыны, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі  «Хабар 24»  телеарнасына  сілтеме жасап.

  Аудан орталығынан елді мекенге дейінгі 71  километр   жолдың  тоз-тозы шыққан.  Салынғалы бері күрделі  жөндеу көрмеген жолдың машақатын тартып жүрген  жергілікті халықтың наразылығы орынды.

-Мен бұл жолдың асфальт жабындысын ауыстырғанын көрмеппін. Әрі кетсе ой-шұңқырын тегістеумен ғана шектеледі.  Осында тұратын ата-анама, туыс-туғанға жиі келгендіктен, бұл жолдың жайын жақсы білеміз. Жол жөнделсе, туристердің қатары көбейер еді, — дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Ербол Ерғалиев.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, осы көктемде басталуы керек жөндеу жұмысы басталады деген уәле сол күйі орындалмаған. Ал  аудандық әкімдіктің өкілдері жыл басында конкурс өткізіп, мердігерді анықтапты. Алайда, конкурс шешімімен  келіспеген  мердігерлер бір-бірімен соттасып, келісім-шарт енді ғана жасалған көрінеді.

-Конкурсқа «Петропавл жолдары» және «Көкшетау жолдары» ЖШС-тері қатысты. «Көкшетау жолдары» серітестігі жеңіске жеткенімен,    комиссияның шешіміне екі  жақ та келіспепті. Соттық процедуралар басталып, ол тек шілде айында ғана аяқталды. Соттың шешімімен «Петропавл жолдары» ЖШС жеңімпаз деп танылды, — деді Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Еңбек Исин.

Қазір келісімшарт жасасып, алдағы күндері жөндеу жұмыстары басталады.  Егер дау-дамай болмағанда  Сырымбетке  апарар жолды жөндеу жұмыстары күзде аяқталар еді.  Бірнеше жылға жоспарланған   бұл жобаны жүзеге асыруға   3 млрд.теңге қаржы бөлінген.

Егер әкімдіктегілер  айтқан сөзінде тұрып,  тозығы жеткен жол жонделер болса,  жерілікті тұрғындар ғана емес, туристердің де қуанышында шек болмас еді.  Елді мекеннің  іргесінде  орналасқан  Айғаным қонысына келіп-кетушілердің қарасы қалың.   Өткен жылы мұражай кешенін 13 мыңға жуық адам  тамашалапты.

фото: ehistory.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz