Маркасы белгісіз қару тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізіп жатыр, – деп хабарлайды  деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

Операция СҚО аумағында желтоқсанның 12-сі бастау алды. Полиция қызметкерлерімен екі күнде тұрғылықты жерлері бойынша 1300 “есептегі тұлға” тексеріліп, отбасылық жанжалқорлардың мінез-құлықтарына қойылған ерекше талаптардың 6 бұзушылығы, шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимінің 7 бұзушылығы анықталды. Сондай-ақ қараусыз қалған ғимараттар, саяжай үйлері, жалдамалы пәтерлер тексерілді. Түнгі рейдтер барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 38 фактісі анықталды, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 – Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, криминогендік факторларды төмендету. Бірқатар аудандардың тұрғындарынан ИЖ-58 и ТОЗ-БМ, ТОЗ-34 ЕР тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтары, сондай-ақ маркасы әзірше белгіленбеген 4 мылтық алынды. Алынған барлық мылтықтар сараптамаға жіберілді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

М.Жұмабаев ауданының және Петропавл тұрғындарынан ойық ұңғылы қаруларға колибрі 5,6 және 5,45 патрондар табылды. Петропавл қаласының аумағында іздеудегі екі қылмыскер анықталды.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz