Петропавлда Президент шыршасы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

  Петропавлдағы  оқушылар сарайында Мемлекет басшысы атынан жаңажылдық шырша өтті, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мерекеге келген әр балаға   Қазақстан Республикасы Президентінің   құттықтауы мен қоса  планшет, кітап, тәтті сыйлықтар  табыс етілді.

Президенттік шыршаға облыс пен Петропавлдың 13 ауданынан 9-13 жас аралығындағы 200-ге жуық бала қатысты. Мемлекет басшысының атынан балаларды, ата-аналар мен педагогтарды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады.

— Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Президент атынан жаңа жылдық шырша өткізілуде. Оған  өз теңділестеріне үлгі болып жүрген   балалар келді. Бұл үлкен және әдемі мереке және барлығыңызға жаңа жылдық сыйлық табыс етіледі. Өтіп бара жатқан жыл жарқын және оқиғаларға толы болды. Биылғы жыл балалар жылы деп жарияланды. Бүгін балалардың  жақсы білім алуына, спортпен, шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасалған.   Біз жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз. Отаныңды сүй, жақсы оқы, спортпен шұғылдан, зор денсаулық, оқуда табыс тілеймін, армандарың орындалсын! – деді мерекеге қатысқан балаларды құттықтаған  облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ, балаларға арнап  «ROYAL PALACE» мейрамханасында мерекелік түскі ас ұйымдастырылып, ойын-сауық бағдарламасы көрсетілді.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz