СҚО педагогтары мен қоғам белсенділері полицейлерге алғыстарын білдірді

Авторы: Qyzyljar News

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Ұзынкөл орта мектебінің директоры Рушана Нұрмағамбетова ювеналды полиция инспекторы Шолпан Тоқпаеваға алғысын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауылдық мектеп директоры Рушана Нұрмағамбетова СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулиновтың атына хат жазып, жылы лебізін жеткізді. Оның айтуынша, полиция капитаны Шолпан Тоқпаева қиын өмірлік жағдайға тап болған әрбір баланың өміріне түсіністікпен және жауапкершілікпен қарайды.

– Шолпан Қайыргелдіқызы ауданның 9 ауылдық округінде 17 мектеппен жұмыс істейді. Ұзынкөл — ірі ауылдардың бірі, мұнда 139 бала оқиды. 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдермен жұмыста ең бастысы-байланыс табу. Жеке көзқарас қажет. Мен әрқашан психологтардың көмегіне жүгінуге тырысамын. Өткен жылы олар үйінен кетіп қалған орта мектеп оқушысымен жұмыс істеді. Қыз депрессияға ұшыраған. Дағдарысты еңсеру үшін сенімді қарым-қатынасқа түсу керек болды. Қазір қыз анасымен қарым — қатынасын қалпына келтіріп, оқуға қайта оралды, спортпен шұғылдануда, — дейді полиция капитаны Шолпан Тоқпаева.

Ал «Үміт. Сенім. Мейірімділік» қоғамдық қорының құрылтайшысы Нелли Штайнбренер «Facebook»-те Петропавл қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орталығының қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Оның сөзінше, полиция капитандары Ақжан Әубәкіров пен Айдар Қуандықов жалғызбасты зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға жиі барып, Жұмысшы кентіндегі көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді.
Нелли Штайнбренер полицейлердің қызметіне алғыстарын әлеуметтік желі арқылы жеткізіп, олардың еңбегін жоғары бағалады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz