Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі туристік кэшбэк енгізуді ұсынды

Авторы: Qyzyljar News

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақстандықтар үшін ел ішінде туристік кэшбэк енгізуді ұсынды,  деп хабарлайды Qyzyzljarnews.kz тілшісі.

Мұндай жүйе қазақстандықтарға белсенді емес демалыс маусымы кезінде тур құнының 20% дейін қайтаруға мүмкіндік береді. Бастысы билеттер туристік агенттіктерден сатып алынған болу керек. Мысалы, құнының 20 пайызын қайтару Абай және Ұлытау өңірлеріндегі жаңа бағыттар үшін жарамды болады. Алматы, Бурабай бағыттарында кэшбэк 10% болады.

– Кэшбэк ішкі туризмді тартымды етудің жаңа құралына айналады. Сұранысты арттыру арқылы біз отандық туристік агенттіктерге қолдау көрсетеміз. Біздің министрлік туристік кэшбэк енгізу мәселесін қарастыруды тездету керек деп есептеймін, — деді Асхат Оралов.

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылдың 9 айында курорттық аймақтарға 2,4 миллион отандық турист келгенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz