Петропавлда «Worldskills Kazakhstan» чемпионатының өңірлік кезеңі өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Worldskills Kazakhstan» чемпионатының өңірлік кезеңі басталды. Биыл байқауға облыстың 20 колледжі қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Чемпионаттың мақсаты – кәсіптік мамандықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау. Сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған байқауға 160-тан астам студент қатысып жатыр.

– «WorldSkills Kazakhstan» өңірілік чемпионатына қатысушы студенттер түрлі бағыттар бойынша өз шеберліктерін көрсетеді. Әр бағытта 15 қатысушыдан өнер көрсетеді. Барлық студенттерге бірдей тапсырмалар берілді. Аспаздар өз араларында, құрылыс мамандығында оқитындар өз араларында мықтыны анықтайды. Үздіктер республикалық чемпионатқа жолдама ала алады. Онда олар өңір намысын қорғайды, — дейді СҚО білім басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Зейнуллин.

«Worldskills kazakstan 2023» чемпионатының өңірлік кезеңі сәуірдің 20-на дейін жалғасады. Оның қорытындысы жеңіске жеткендер маусым айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғауға аттанады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz