СҚО-да ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамырдың 21-і күні облыстың 7 сайлау округіне әкімдерді сайлау науқаны өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Саяси науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес өткізілмекші.

— Әкімдердің өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 2023 жылғы 21 мамырға ауылдық округтері әкімдерінің төте сайлауын өткізу белгіленді, — делінген СҚО сайлау комиссиясының хабарламасында.

Әкімдердің сайлауы облыстың 7 ауылдық округінде өтеді:

1) Аққайың ауданының Власовка ауылдық округі;

2) Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округі;

3) Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округі;

4) Қызылжар ауданының Архангельск ауылдық округі;

5) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі;

6) Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылдық округі;

7) Шал ақын ауданының Городецкий ауылдық округі.

2023 жылғы 12 сәуірде Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда әкімдер сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды, әкімдер сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңінде облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау құжаттамаларын әзірлеу туралы мәселе қаралды.

Отырыс барысында басқа да мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі  барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Қазақстан Республикасының азаматы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып мыналар сайлана алмайды:

— соттылығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған адам;

— сыбайлас жемқорлық қылмысын және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық  жасағаны үшін  кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан төрт жыл мерзімге сайлайды.

Сондай-ақ кандидаттарға мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларда көзделген талаптар қойылады:

— азаматтың мемлекеттік қызметке қабылдануы мүмкін емес талаптар;

— осы лауазымға кандидаттың (санаты  Е-R-1) біліктілік талаптарына сәйкес келуі.

Әкімдікке кандидаттар мынандай тәсілдермен ұсыныла алады:

— белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялардың өз мүшелерінің қатарынан. Бұл кезде саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидатты ұсынуға құқылы;

-дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кем дегенде 1 пайызының қолдауы болғанда өзін-өзі ұсыну жолымен.

Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат ұсынылса, онда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

Бұл ретте аудан әкімі ұсынылған кандидаттар болмаған немесе ұсыну мерзімі аяқталатын күні бір кандидат қана ұсынылған жағдайда, жергілікті қоғамдастықтың келісімі   бойынша тиісінше екі немесе бір кандидатты ұсынуға құқылы.

Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсынылмайды.

Әкімдерді сайлау туралы толық ақпаратты аудан әкімдіктерінің сайтында орналасқан аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінен алуға болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz