Синоптиктер елімізде аптап ыстықтың беті қайтады деді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылдың 8-10 маусымында қандай ауа райы күтілетінін айтты. Болжамға сәйкес, республикада аптап ыстықтың біртіндеп төмендеуі, сондай-ақ қатты жаңбыр, бұршақ жаууы және шаңды дауыл күтілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, күндіз өте қатты аптап ыстық 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында +41°С-қа дейін сақталады.

— 8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста +20+28°С дейін аптап ыстықтың біртіндеп төмендеуі күтіледі, — делінген хабарламада.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, 9 маусымда солтүстікте, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 8 маусымда Қазақстанның оңтүстік-шығысында +41°С, оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық күтіледі. Ал 2023 жылдың маусым айында бүкіл республика бойынша ауа райы қандай болады, мына жерден біле аласыздар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz