Заңсыз тәркіленген жер учаскесі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Мәселелердің бірі жер саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Сергей Перов жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан субъективті тәсілдің бар екендігін атап өтті.

— Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен ауыл шаруашылығы өндірушісінен уақытша жер пайдаланудағы ауданы 290 гектар жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару көзделген. Петровка ауылдық округі жиынының хаттамасы негіз болды. Алайда, «Жергілікті өзін — өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, жер учаскелерін алып қою немесе жалдау мерзімін тоқтату мәселелерін қарау жергілікті қоғамдастық жиындарыдаа бекітілмеген, — деді Сергей Перов.

«Жайылымдық жерлер туралы» Заңда жайылымдарды басқару жоспары картасының шекарасында учаскелер болған жағдайда ғана мәжбүрлеп иеліктен шығаруға болатындығы айтылған. Департамент мамандары халықты жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін сапалы және негізделген мониторинг жүргізе отырып, жер учаскелерін тиісінше пайдаланбау мәселесін қарастыру қажет деп санайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz