Полицейлер күшейтілген режімде қызмет етуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Дүйсенбіден бастап солтүстікқазақстандық полиция қызметтің күшейтілген түріне көшті. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен елімізде он  күндік «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.  Іс-шараның ерекшелігі  — «Amanat» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұртшылық, волентерлар, пікір білдірушілер мен блогерлер полиция қызметкерлерімен бірге  тексеріске шығады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шараның алғашқы күні Тимирязев ауданындағы дәмханалардың бірінен полицейлер заңсыз айналымнан алкоголь өнімдерін тәркіледі. Дәмхананың иесіне қатысты әкімшілік материал жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.    Сондай-ақ, бірінші күннің қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қайта құқық бұзған Петропавл қаласының 27 жасар тұрғыны анықталды. Ол бұған дейін де алкогольдік мас күйде бірнеше рет отбасылық жанжал шығарған.  Сот оның тәртібіне қатысты ерекше талаптар белгілеумен, алты ай мерзімге алкоголь ішуге тыйым сала отыра, он тәулікке әкімшілік қамаққа алды.

Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда орын алған қылмыс саны 18, көшеде жасалған қылмыс 12 пайызға азайған. «Құқықтық тәртіп» операциясы 30 қарашада аяқталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz