СҚО полицейлері оккульттік “емшіні” анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері оккульттік “емшіні” анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына Петропавл тұрғыны дәстүрлі емес “емдеумен” айналысып жатқандығы, сондай-ақ діни насихат жүргізетіні туралы ақпарат келіп түсті.

Тексеру кезінде ақпарат расталды. Тәртіп сақшылары 44 жастағы қала тұрғыны “Ата жолы” оккульттік-мистикалық діни ағымының ізбасары екендігін анықтады.

Ол тұрғылықты жерінде емшілікпен айналысқан. Әйел адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметін қаржыландыру) бойынша материал жиналды.

– Заңның бұл нормалары адамдарды деструктивті идеологияның ықпалынан қорғау үшін қабылданған. Дәстүрлі емес діни практикаларға сенім арту, тіркелмеген немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу психика үшін орны толмас зардаптарға, отбасы мен мансаптың бұзылуына әкелуі мүмкін. Біз адамдардан тек ресми діни дереккөздерге сенуді сұраймыз, — деп атап өтті СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz