«Кәсіпкерлер маңызын түсінбей отыр»: Қаржы министрі дүкендегі мобильді аударымдар туралы айтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Үкімет отырысының кулуарында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлер, атап айтқанда дүкен иелері мобильді аударымдар үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір көкөніс сататын дүкен иелерінің QR коды жоқ. Төлемді мобильді қосымша арқылы аударуды сұрайды. Қаржы министрі бұл мәселені Мемлекеттік кірістер комитетімен бірге пысықтауға уәде берді.

«Мемлекеттік кірістер комитетімен жиналыс өткізіп, алдын алу шараларын жүргізу үшін ескерту беремін. Көптеген кәсіпкерлер мәселенің маңызын түсінбейді. Оның бәрін тексеруге баратын бізде қызметкерлер саны аз», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар ол заң қабылданып қойғандықтан, мобильді аударымдар мәселесінің әлі де  көтеріліп жүргені оғаш екенін баса айтты.

«Ұялы аударымдарды жіберушілер мен алушыларға бөлеміз. Егер бұл жеке тұлғалар мен туыстар арасындағы аударымдар болса, онда оларға салық салынбайды. Ал егер оларды кәсіпкерлер пайдаланса, онда салық болуы керек. Жеке тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысса, онда оның осы мобильді аударымдар үшін жеке шоты болуы керек», – деді министр.

Оның айтуынша, аударымдардың қайсысы жеке мақсатқа, қайсысы бизнеске арналғанын ажырату үшін кәсіпкерлерге екі шот ашу ұсынылады.

«Қазір айыппұл жоқ. Бірақ заңда әр кәсіпкер салық төлеуі керек екені жазылған. Мемлекеттік кірістер комитеті ақпарат жинайды. Бастапқы кезеңде мемлекеттік қызметкерлер туралы, кейін кәсіпкерлер туралы. 2025 жылы мәліметтерді көргенде сұрақ болады. Сол кезде салық төлемегендерге айыппұл саламыз», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz