Жезқазған-Петропавл тас жолы қашан жөнделеді?

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары «Жезқазған-Петропавл» республикалық тас жолының жағдайына алаңдаулы. Жол 1960 жылдары салынғаннан бері күрделі жөндеу көрмеген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде облыс тұрғындары жолдың жағдайына жиі шағымдануда. Шұңқырдан шұңқыр.

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мыңдаған тұрғындары облыс орталығына немесе аудан орталығына барған сайын осы жолдан өтуге мәжбүр. Біз адам емеспіз бе? Сол жолмен өзіңіз жүріп көріңіз. «ҚазАвтоЖолға» жүгінгім келеді, шілде айында жолды қиыршық таспен жамап, жол жиектерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп уәде берген едіңіздер. Мұны жөндеу деп атауға келе ме? Біз не үшін салық төлейміз? Неліктен біз мұндай жолда жүруіміз керек? Біз шұңқырларды жапқандарыңызды емес, күрделі жөндеу жасағандарыңызды қалаймыз», – деп жазды әлеуметтік желіде.

«Қазавтожол» филиалы мамандарының айтуынша, жолдың Тоқсан би – Дружба учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, одан кейін жол жиегін профильдеу басталады. Қаржы тапшылығына байланысты күрделі жөндеу немесе қайта жол салу қарастырылмаған. Келер жылы олар Тоқсан би кентінен Новоишимское ауылына дейінгі учаскені орташа жөндеуді жоспарлап отыр.

Жөндеу жұмыстары төрт облыстың аумағында жүргізілуде: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеевка ауылынан Николаевка ауылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Күні кеше облыс әкімдігінде өткен жиында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ директорының міндетін атқарушы Қанат Өсербаев аталған жолдың Сергеевка қаласынан Кеңес ауылына дейінгі 25 шақырымы жүргізіліп жатқанын айтты. 16 шақырымдағы жұмыстар аяқталды. Кестеге сәйкес, учаске қазан айында тапсырылуы тиіс.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, облыста жалпы ұзындығы 143 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар тас жолдың алты учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz