Петропавлда «Тіл білгірлері» ойыны өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Qyzyljar Art» орталығында  облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен «Тіл білгірлері» атты лингвистикалық ойын өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жастардың  мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге деген  ынтасын оятуды, олардың қабілеттерін  әр түрлі ойын-сауық және танымдық тапсырмалар арқылы шыңдауды көздеген байқауға «Жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігі, Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы, қоғамдық даму және ақпарат орталығы, Еріктілер ұйымдарының өкілдері және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті студенттерінен құралған бес команда қатысты. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Барлық тапсырмалар үш: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілді.

Басқарманың бөлім басшысы Ернияз Сұлтан Қазақстан халқының тілдері күніне орай өткізілген шараның  маңызына тоқталды.

— Соңғы жылдары қазақ тілін жетік меңгерген өзге этнос өкілдері көбейіп келеді. Біз бұған қуанамыз. Мемлекеттік тіл – ел егемендігінің тірегі. Оның  қолданыс аясын кеңейтуге бәріміз жұмылуымыз керек, – деді ол.

Қазылар алқасы мүшелері  «Тіл шебері» аталымында  «Жас қанат» командасын үздік деп тапты.  «Өнерлі өрендер» номинациясында   қалалық жастар ресурстық орталығы топ жарды.  Жүлделі екінші және үшінші орындарды «Жастар СҚО», «Атажұрт» командалары өзара бөлісіп, «Ассамблея жастары» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов  алдағы уақытта «Тіл керуені – 2023» жобасы  қолға алынатынын жеткізді. Оның аясында «Ұлттық ономастика – ел айнасы», «Өзге ұлт өкіліне қазақ тілін меңгертудің жеңіл әдісі», «Мемлекеттік тіл елді біріктіруші фактор», «Көрнекі ақпарат – ел келбеті» тақырыптары бойынша түрлі бағытта жұмыстар жүргізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz