Азия ойындары: Жекелей сында Алексей Луценко чемпион атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тас жолдағы веложарыста ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Луценко мәреге бірінші жетіп, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Жерлесіміз жекелей сында 39,6 шақырымды 48:05:75 уақыт көрсеткішімен бағындырды.
Бүгінгі жарыс күнінде тас жолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанса, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Мария Бровкова да ұлттық құрама қоржынына медаль салды. Ол 200 м қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Әйелдер арасында каноэде есуден жұптық сында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.
Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бес алтын, тоғыз күміс және 29 қола медаль бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz