«Қыс — 2023» командалық-штабтық оқу жаттығуларға дайындық жұмыстары пысықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың төрағалығымен «Қыс-2023» республикалық командалық–штабтық жаттығуға дайындалу және өткізу бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кеңес жұмысына облыстық мемлекеттік басқару құрылымдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің басшылары, облыстық төтенше жағдай департаментінің бас құрамы мен мамандары, сондай-ақ Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов аталмыш шараның мемлекеттің азаматтық қорғау жүйесін дамыту мен нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

— Жаттығу штабы Петропавл қаласында орналастырылады және барлығымыз республикалық маңызы бар осындай маңызды іс — шараны лайықты дайындау және өткізу жөніндегі міндеттер кешенін шешуіміз керек, – деп атап өтті Рүстем Құрманов.

Облыстық төтенше жағдайлар  департаменті бастығының орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов жаттығудың негізгі міндеттері мен мақсаттары, ұйымдастырушылық және практикалық сипаттағы іс-шаралардың орындалуы,  ақпараттық қамтамасыз ету туралы арнайы баяндама жасады. Ол жаттығудың барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы, сигналдар мен кіріспелерді пысықтау, облыс орталығындағы және аудандардағы оқу орындарында практикалық іс-шараларды орындау мәселелерін атап өтті.

— Жаттығу шеңберінде жанар-жағармай материалдарының, азық-түлік, материалдық-техникалық, медициналық және басқа да резервтердің қысқы кезеңге арналған қорларының болуын қамтамасыз ету қажет, – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz