Үш көпқабатты үйді газсыз қалдырған көлік жүргізушісі жазаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда көлігімен газ құбырын іліп әкетіп, салдарынан бірнеше күн көпқабатты үш үйді газсыз қалдырған көлік жүргізушісіне қатысты сот шешім шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz  тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, 5 қараша күні сағат 9.30 шамасында пластикалық терезелерді монтаждаумен айналысатын ұйымға тиесілі «Газель» автокөлігінің жүргізушісі Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесі, 292 мекенжайындағы үйдің газ құбырын сырып өткен. Апаттық жағдайға байланысты осы көшедегі 290, 292, 294 мекенжайындағы үш үй бірнеше күн бойы газсыз отырды. Сондай-ақ құлаған құбыр сол жерде тұрған көлікті зақымдаған. Осылайша «Горгаз-сервис» ЖШС-ге және жеке тұлғаға материалдық шығын келтірілді. 

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған соты осы фактіге қатысты істі қарады. Жолда жүру қағидасын бұзған жүк көлігінің жүргізушісі кінәсін мойындады. Ер адам келтірген шығынды толығымен өтеп, тұрғындарға сұйытылған газ беру жұмысы қалпына келтірілді.

Сондай-ақ жолда жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды, оған 69 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz