Полицейлер көкшетаулық жүргізушіге көмекке келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Көкшетаулық көлік жүргізуші СҚО полицейлеріне жолда жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Астана – Петропавл» автожолының 363-шақырымында орналасқан Келлеровка ауылының маңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дмитрий Кравченко мен Арман Оралов Көкшетаудан Петропавл бағытына қарай темір құбырларын тиеп бара жатқан ГАЗель автокөлігінің жол жиегіне шығып қалғанын көреді. Жүргізуші жаңбырдан кейін пайда болған мұздың кесірінен рөлге ие бола алмай қалған. Тәртіп сақшылары жол пайдалану учаскесінің мамандарынан көмек сұраған. Көп ұзамай автокөлік жолға шығарылды. Полицейлер көлікті жолға шығару кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шашылған жүкті жинауға көмектесті.

Жүргізуші Сұлтанбек Ғазизов полиция қызметкерлері мен жол қызметінің қызметкерлеріне жедел көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz