СҚО-да қызылшаға қарсы вакцинаның 30 мыңнан астам дозасы бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста қызылша ауруына шалдыққан 289 деректің 162-сі зертханалық сараптамадан соң расталды. Эпидемиолог мамандардың ақпаратына сәйкес, жұқпалы дертті жұқтырғандар саны 1 есеге өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратынша, қызылшаны жұқтырудың жағдайлары көбіне облыс орталығында тіркелді. Олардың саны 141 адамды құрады. Кейін 7 факті М.Жұмабаев, 4-уі Қызылжар, Айыртау мен Мамлют аудандарында 2 дерек анықталды. Бір-бір фактіден Есіл және Жамбыл аудандарында тіркелді.

– Қызылша жұқтыру жағдайларының арасында 84%, яғни 135 дерек екпені алмағандар, оның ішнде 28-і жеке сенімі бойынша бас тарту себебінен, 7 факті медициналық көрсеткіштер бойынша екпеден босатылғандар, 12-сі вакцинация жасына жетпеген, вакцинация статусы белгісіздерде – 55 және толық емес вакцинация курсынан өтпеген 33 адамда анықталды. Жұқпалы індетке шалдыққандармен байланыста болған 14030 адам белгілі болды, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Бүгінгі таңда медициналық бақылауда 22 мекеме мен 138 үй ошағы тұр. Қарашаның 6-нан бастап, қызылшаға қарсы екпені 548 адам алды.

– Қызылшаға қарсы иммундау шараларын жүргізуге медициналық мекемелерде 30434 доза вакцина бар. Бүгінгі таңда облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында 12 757 адамға екпе егілді. Ел көлемінде вакцинация науқаны басталғалы 608 мыңнан астам, соңғы тәулікте 34 мыңнан астам қазақстандық вакцинациядан өтті. Қызылша –ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру, – дейді Әсет Жұматаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz