Петропавлдықтар көктемгі су тасқынына дайындалуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы тасқын қаупі жоғары өңірлердің қатарында. Осыған байланысты Петропавл қаласында да сақтық шаралары мықтап қолға алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Болат Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында облыс орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

-Қазір қар еріген кезде су басуы мүмкін аудандардағы үйлерді аралап, тұрғындармен кездесулер өткізіп жатырмыз. Қауіп төнген жағдайда пайдаланатын техниканы тексердік. Арнайы техникасы бар кәсіпорындармен келісімдер жасалды, деп жазды Болат Жұмабеков.

Көктемдегі тағы бір қауіп – көпқабатты үйлердің шатырынандағы мұз бен қардың еруі. Осыған байланысты пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің басшыларына тиісті аумақтарды тазалау, қарды уақытында шығару қажеттігі түсіндіріліп, бұл жұмыстардың барысы бақылауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz