Петропавлда аялдама павильонын сындырған құқық бұзушы ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жексенбі күні әлеуметтік желілерде аялдама павильонын   сындырған сәті түсірілген  видео тараған болатын. Бұл оқиға 5 маусымда Петропавл қаласындағы Қизатов көшесіндегі аялдамада орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған факті бойынша   полиция  қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік материал жинады.

Қазіргі уақытта  Петропавлдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

 -Шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданады. Әкімшілік заңнаға сай  айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, құқық бұзушы шығынның орнын толтыруы тиіс, – дейді Петропавл қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы  Қанат Жұмабаев.

Ұсталған адам аталған видеоны әлеуметтік желілерде көргенде қатты ұялғанын айтты. Жас жігіт    өзінің қылығы үшін кешірім сұрады.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz