СҚО-да 36 тонна жанар-жағармай тиелген көлік аударылып қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жексенбі күні сағат 16-20 шамасында Тайынша ауданындағы Аққұдық ауылына бұрылыстан 10 шақырым жерде «VOLVO» жүк көлігі  аударылып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша, апат көлік дөңгелегі  істен шыққандықтан  орын алған.  36 тонна дизель отыны тиелген көліктің жүргізушісі    Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны  Кішкенекөл ауылынан Нұр-Сұлтан қаласына жол тартқан. Апат  жайында полицейлерге бір лекте кетіп бара жатқан әріптес жүргізушілері хабарлаған.

 

-Жол-көлік оқиғасы орнына патрульдік полиция батальонының, жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция жән төтенше жағдайлар бөлімінің  қызметкерлері жетті.  «Жанар-жағармай басқа бензовозға құйылып, тиегіш көліктің көмегімен жолға кшығарылды. Сағат кешкі 23-00-ге қарай өрт сөндірушілермен бірлесіп,   «VOLVO» Аққұдық ауылына жеткізілді, — деді СҚО ПД патрульдік полиция қызметінің  инспекторы   Сақтияр Ашмадьяров.

Жүк көлігінің жүргізушісі  шамамен жеті сағаттай жолда тұрып қалған.

Фото: СҚО ПД бпаспасөз қызметі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz