СҚО полицейлері түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүрген 26 жасөспірімді анықтады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық полицейлер 1 түн ішінде ойын-сауық орындарында жүрген 26 жаспөспірімді анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаладағы дәмханаларды тексеру барысында достарымен туған күн тойлап отырған 17 жастағы қыз көзге түсті. Заңға сәйкес анасы да, дәмхананың иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылар да полицейлердің бақылауында. Петропавлда осындай бір отбасыны тексеру кезінде кәмелетке толмаған қыздың түнде үйінде болмағаны анықталды. Белгілі болғандай, қыз бала оқуына немқұрайлы қарайды екен, анасы да ішімдікке тәуелді көрінеді.

-Бұл рейдтер маусымның 27-сі мен 29-ы аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілуде. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандарға бақылауды күшейтіп, жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу. Бұл жұмыс прокуратура, денсаулық сақтау, білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ ата-аналармен бірлесе жүргізілуде,- деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Жалпы облыс бойынша 38 түрлі құқық бұзушылық анықталды. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін атқармағаны үшін 8 ата-ана жауапқа тартылды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz