Петропавлда тасымалдаушыларға екі млрд. теңгеге жуық субсидия төленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда тасымалдаушыларға бір жыл ішінде 1,9 млрд. теңгеден астам субсидия төленді. Руслан Аңбаев қоғамдық көлікке тариф 2017 жылдан бері өзгермегенін атап өтті, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда  тасымалдаушылар әлеуметтік маңызы бар 19 маршрут бойынша субсидия алады.

— Олардың барлығы жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі болған жағдайда субсидияланады. Жыл басынан бері тасымалдаушыларға 1,9 млрд. теңгеден астам субсидия төленді, оның ішінде 48 млн. теңге — азаматтардың жеңілдікпен жол жүруі үшін өтемақы. Бізде жол жүру ақысы  80 теңгені құрайды. Тариф 2017 жылдан бері өскен жоқ. Басқа қалаларда, мысалы  Қостанайда 1 қаңтардан бастап тариф қолма — қол ақшасыз есеп айырысу кезінде 100 теңгені және қолма-қол ақшамен 170 теңгені құрайтынын білеміз. Біз халықпен диалог арқылы тарифтің өсуін жұртшылықпен талқылайтын боламыз. Бірақ түсіністікпен қарауды сұраймын. Барлық тауардың құны өсіп жатыр,  соның ішінде жанар-жағар  май  екі есе қымбаттады, қосалқы бөлшектердің бағасы өсуде, — деді Руслан  Аңбаев.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz