СҚО-да ет өнімдері 21,5 пайызға қымбаттаған

Авторы: Qyzyljar News

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша ет өнімдерін қоса алғанда, ет бағасы бір жылда 16,6%-ға өскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бір жылда Маңғыстау облысында ет өнімдері бірден 22,6%-ға қымбаттады. Көш соңында — Павлодар (21,7%) мен Солтүстік Қазақстан (21,5%) облыстары. Ең төменгі жылдық баға өсімі Ұлытау облысында байқалды — 9,7%.
Жылдық динамикада ет пен құс еті 15,4%-ға, шұжық — 22,2%-ға, ет өнімдері — 15,9%-ға қымбаттады. Ет өнімдерінің ішінде құс еті бір жылда 29,4%-ға, жылқы еті — 16,7%-ға, шошқа еті — 14,3%-ға, қой еті — 12,9%-ға, сиыр еті — 10,1%-ға өсті. Сондай-ақ қайнатылған шұжық — 23,6%-ға, жартылай ысталған шұжық — 22,2%-ға қымбаттады.

Тауық жұмыртқасының өндірісі бір жылда 4,9%-ға артты. Шаруашылықтарда 5,9 млн тонна сиыр сүті сауылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артық. Ірі жануарлардың тері өндірісі бір жылда 0,7%-ға, 2,9 млн данаға дейін өссе, ұсақ жануарлардың терісі керісінше 0,5%-ға, 6,6 млн данаға дейін төмендеді 2022 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан әкетудің жаңа ережелері бекітіліп, сандық шектеулер енгізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz