СҚО-да 62 нәресте шетінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 5848 шақалақ дүниеге келсе, 62 сәби бір жасқа келмей шетінеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісовтің айтуынша, нәрестелердің 31-і немесе 47% перинаталдық кезеңде пайда болатын аурулардан, 14 бала немесе 21% — туабітті ауытқушылықтан қайтыс болған.
6 бала кенеттен өлу синдромынан, 2 бала бактериалды дерттен, 3 бала жүйке жүйесі ауруларынан көз жұмды.
11 сәби үйде, 2 бала ауруханада қаза болды.

Былтыр ана өлімі тіркелген жоқ. 2021 жылы жаңа туған 32-39 жас аралығындағы үш келіншек қайтыс болды. Оның екеуі КВИ-ден, ауыр дәрежелі пневмониядан дүние салды.

— Бұл саладағы ең басты мәселе – кадр жетіспеушілігі. Акушер-гинекологтар, педиатрлар аз. Сондай-ақ педиатриялық учаскелерде патронаждық медбикелер жетіспейді. Салдарынан балалардағы қауіпті ерте анықтауға, патронажды сауатты жүргізуге әсер етеді. СҚО-да балалардың дәрігер офтальмологы жоқ. Былтыр облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 20 маман қабылданды. Олар: онкогематолог, балалар гинекологы, 2 невролог, 3 пульмонолог, балалар хирургі, 2 травматолог, 3 инфекционист, 2 анестезиолог-реаниматолог, — дейді басқарма басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz