СҚО әкімі «Қызылжар» ФК-ның ойыншыларымен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров «Қызылжар» футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, «Жастар» стадионындағы жас аяқдопшылардың жаттығуларын көрді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.   

Футболшылармен кездесуде Айдарбек Сейпілұлы биылғы маусымдағы «Қызылжар» командасы көрсетіп отырған нәтижесіне тоқталып, алдағы ойындарда сәттілік тіледі.

– Биылғы біріншіліктегі «Қызылжар» клубының алғашқы қадамдары жаман емес. 4 турдың қорытындысы бойынша өңір командасы турнирлік кестеде көш бастап келеді. Құрамдағы 25 ойыншының 4-уі – жергілікті футбол мектебінің түлектері. Екінші лигада да облыс намысын жастардан құралған «Қызылжар М» қорғап жатыр. Оның сапында тек жерстеріміз ойнайды. Біздің аяқдопшылардың жаттығулар жасауына жағдай жасалған. 2015 жылы клуб жанынан футбол орталығы ашылып, оған облыстың жасөспірімдер спорт мектептерінен 300 спортшы іріктелді. Сондай-ақ оқушылар арасындағы ел чемпионатында жастарымыз өнер көрсетуде, – деді Айдарбек Сапаров.

Облыс әкіміне өткен жылы «Жастар» стадионы жөнделгені туралы ақпарат та берілді. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен 117 млн. теңге бөлініп, жаңа жасанды көгал төселді. Енді футбол алаңында республикалық жарыстарды өткізуге болады. Алдағы уақытта ел біріншілігінің ойындарын «Қызылжар» клубы бұл стадионда өтеді.

72 1

Кейін футбол клубының атынан Айдарбек Сейпілұлына «Қызылжар» ФК-ның жидесі мен біріншіліктің ойын добы табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz