Қазақстанда жылдық инфляция 14 пайызға жетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023 жылдың шілдесінде Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 14%-ға жетті. Азық-түлік тауарлары 13,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 15%-ға, ақылы қызметтер 13,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда, 1 тамызда Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстанда келесі тауарлар мен қызметтер айтарлықтай қымбаттады:

кеңсе жарақтары (+64,4%);

күріш (+44,3%);

қантсыз қоюландырылған сүт (+42,4%);

күндізгі стационарда емделу (+40,8%);

ыдыс жууға арналған жуғыш заттар (+37,4%)

кір сабын (+35,9%);

капуста (+27,5%);

варенье мен джемдер (+25,9%).

Бір жылда арзандаған тауарлар:

түйіршіктелген қант (-17,4%);

қарақұмық (-10,5%);

қызылша (-6,1%);

сұйық май (-4,7%);

сәбіз (-3,4%);

картоп (-1,3%).

Айдағы бағаның өсуіне келетін болсақ, шілдеде ол +0,6%-ды құрады. Қазақстандағы қызметтердің ішінде қоқыс жинау (+4,5%) және әуе тасымалы (+4%) бағасы айтарлықтай өсті. Ноутбуктар, теледидарлар мен фотоаппараттар шілдеде 9,6%-ға қымбаттады. Баллондағы сұйытылған газ (+6,2%), АИ-95/96 (+4,5%) және АИ-98 (+3,6%) бензині қымбаттады. Темекі өнімдері 2,6%-ға қымбаттады. Азық-түлік тауарларының ішінде шілдеде көкөніс (+3,8%) және күріш (+2,1%) бағасы ең жоғары.

Шілдедегі ең жоғары инфляция Ұлытау облысында (+1%), ең төменгісі – Алматы облысында (+0,1%) тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz