12 ауданда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста тамыздың 27-сі күні 1 аудандық маңызы бар қала мен 32 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әкімдердің сайлауы өңірдің 12 ауданында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Соның ішінде  24 әкімнің  өкілетті мерзімінің аяқталуына,  9 әкімнің  өкілеттілігін уақытынан бұрын тоқтатуына байланысты сайлау науқаны өткізілмек. Қазіргі уақытта бұл лауызымды қызметке 109 үміткер бар, 28-і саяси партиялардың мүшелері, оның 24-і  «AMANAT» партиясынан, 2 кандидат «Ауыл»ХДСП, 2 кандидат «Ақ жол» ҚДП саяси партияларының өкілдері,  81-і  — өзін өзі ұсынғандар үміткерлер.

— Кандидаттарды ұсынудың ең көбі Тайынша ауданындағы Тайынша қаласында тіркелді,    мұнда 6 кандидат   ұсынылған. Айыртау ауданындағы Қамсақты ауылдық округінде  5 кандидат ұсынылды.

5 ауылдық округте  кандидаттар тек өзін-өзі ұсынғандар (Есіл ауданындағы Спасов ауылдық округі, Мамлют ауданындағы Қызыләскер ауылдық округі, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Дружба, Көкалажар ауылдық округтері, Шал ақын ауданындағы Семипол ауылдық округі), — делінген СҚО сайлау комиссиясының ақпаратында.

Бүгіндері 108 кандидаттың құжаттарының  заңнамаға сәйкестігі тексерілді, 102 үміткердің құжаттары заңнамаға сәйкес деп танылды, 6 кандидаттың құжаттары белгіленген талаптарға сай келмеді.

Статистикалық мәліметтер бойынша 109   кандидаттың ішінде 31-і  әйел, яғни  28,4 %.

90 кандидат немесе 82,6 %  мемлекеттік қызметшілер, олардың ішінде 20 кандидат — қазіргі күні  әкім.

Бұған қоса, ұсынылған 109 кандидаттың 4 немесе 3,7 % коммерциялық сала өкілдері, 7 немесе  6,4  % бюджеттік сала қызметкерлері, 6 немесе 5,5 % уақытша жұмыссыздар, 1 немесе 0,9 % зейнеткер, 1 немесе 0,9 % басқасы.

Білімі бойынша —  33 кандидат немесе 30,3 % экономист, 27 кандидат  немесе  24,8  %  юрист, 17 кандидат немесе 15,6 % педагог, 12 кандидат немесе  11, % ауыл шаруашылығы саласы қызметкері, 2 кандидат немесе 1,8 % инженер, 18 кандидат немесе 16,5  % басқа мамандық иесі.

Кандидаттардың орташа жасы 41, оның ішінде ең жасы – 26 жаста (Ақжар ауданындағы  Кішіқарой ауылдық округі), ең егдесі 61 жаста (Есіл ауданындағы Тораңғұл ауылдық округі).

31 кандидат немесе 28,4  % өздері сайлауға түскен ауылдық округ аумағында тұрады, 76 кандидат немесе 69,7 % осы ауданда, бірақ басқа ауылдық округте тұрады, 2 кандидат немесе 1.8  % Петропавл қаласында   тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz