СҚО-да қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста экологиялық мәселелерді шешу үшін қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 10 полигон қажет. Бүгіндері 8-нің жобалық-сметалық құжаты дайын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық қоғамдық кеңесте белгілі болғандай, қазіргі уақытта өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын 4 полигон, 5 қоқыс алаңы, 351 арнайы орын мен 2 карьер бар.

СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының айтуынша, өңірде экологиялық мәселені түбегейлі өзгерту үшін қосымша 10 полигон тұрғызу қажет.

–  Қазіргі уақытта өңірдің 8 ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар салынады деп жоспарланып отыр. Олар М.Жұмабаев ауданының Булаево қаласында, Ақжар ауданының орталығы Талшық, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылында, Аққайың ауданының Смирново ауылында, Жамбыл ауданының Пресновка ауылында, Тайыншаның Чкалово ауылында, Уәлиханов ауданының Бидайық ауылында және Тимирязев ауданының орталығында тұрғызылады, — дейді СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Тәшімов.

Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіровтың сөзінше, бүгіндері Петропавл маңында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон қоқыспен 88 пайызға толған.

– Биыл қалалық бюджеттен жаңа полигонның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау мақсатында қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта техникалық сипаттамасы жасалды. Қыркүйектің 10-на дейін байқау жарияланып, иесі анықталады, — дейді Әділбек Әубәкіров.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz