Есірткі таратумен айналысқан қала тұрғыны ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері сегіз айдың ішінде заң бұзушылардан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда қырағы қала тұрғындарының арқасында есірткі таратты деген күдікпен 48 жастағы азамат ұсталды. Күдікті маусым айында Шухов көшесінде есірткі жасырып жүрген. Оның әрекетін байқап қалған тұрғындар бірден полицияға хабарласты. 20 минутқа жетер-жетпес уақытта оқиға орнына СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері келді. Жеке тінту кезінде қала тұрғынынан ішінде қызыл түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 14 полимерлік түйіншек тәркіленді. Тағы 11 түйіншек есірткі жасырып үлгерген орындардан алынды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл зат мефедрон синтетикалық есірткі заты екенін көрсетті.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр, – дейді СҚО ПД ЕҚІҚБ бастығы Иван Терзиди.

Сегіз айдың ішінде облыста түрлі 169 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 71-і сату фактілері. Заңсыз айналымнан 728,9 келі есірткі алынды, оның 1 келіден астамы синтетикалық психотроптық заттар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz