Полицейлердің қызметтік көліктерін робот жуатын болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық полиция департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасының автокөлік шаруашылығында автоматтандырылған заманауи көлік жуғыш қондырғы іске қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бұл жаңашылдықтың бір ерекшелігі ол толығымен автоматтандырылған. Бір көлікті жуудың орташа уақыты 5-6 минут. Бір сағаттың ішінде 12 жеңіл машина жуылады.  Қондырғы жүк көліктері мен автобустарды жуа алмайды.  Бұрын қызметтік автокөліктер қолмен жуылып, 30 минут немесе одан көп уақытта алатын. Енді автокөлік шаруашылығының аумағындағы арнайы бокста облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондарының, департамент аппаратының жеке құрамы күн сайын қызметтік автокөліктерін жуа алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz