Ауыл мектептері оқушыларының білімдері саралануда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста ауыл мектептері оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл алғаш рет Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бастамасымен ауыл мектептері оқушылары арасындағы республикалық олимпиада бастау алды. Білім бәйгесіне еліміздің 85 мыңнан астам оқушысы қатысуда. Оның 3400-ге жуығы – солтүстікқазақстандық.

– Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 9-11 сыныптарда оқитын балалар қатысып жатыр. Өткізу қағидаларына сәйкес білім додасы 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша) өткізіледі. Бастапқы кезеңге қатысу үшін оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында тіркелді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша ұйымдастырылды.

Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні әділ-қазылар үшін жасырын болады. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланып отырады — дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Каркулова.

Олимпиаданың бірінші кезеңі қарашаның 20-сы мен 29-ы күндері аралығында өтеді. Оқушыларға онлайн платформада тапсырмаларды орындауға 90 минут беріледі. Кейін жоғары ұпай жинаған қатысушылар келесі кезеңге жолдама алады. Ол желтоқсан айына жоспарланған. Қорытынды үшінші кезең қаңтарда Астана қаласында ұйымдастырылмақ.

whatsapp image 2023 11 21 at 11.25.02

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz