СҚО жолдарының сапасы бақылауда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста республикалық маңызы бар жолдарда 24 нысан іріктеліп алынып, 420 сынама жасалды, соның 121-і нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сай болмай шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы жанындағы  сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Арман Тұрасимов жолдың сапасыз салынуының себептерін айтып берді.

Өңірде салынған жолдардың сапасы көңіл көншітпейді. Мамандар биыл республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы  жолдар мен елді мекендер, қала көшелеріне 434 инспекциялық тексеріс жүргізді. Нәтижесінде талапқа сай келмейтін 190 олқылық анықталды, олардың 112-сі қазіргі уақытта жойылды және 78-і бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ал жол-құрылыс материалдарының 1555 сынамасы іріктеліп алынса, соның 559-ы  (сыналған сынамалардың 36 пайызы) нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді.

— Облыстық автожолдар бойынша  атқарылған жұмыс пен материалдардың сапасын тексеру мақсатында 14 нысанды іріктеп алдық, нәтижесінде 331 сынама алынды, олардың 121-і нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына  жауап бермеген.  Атап айтқанда, параметрлері бойынша негізгі сәйкессіздіктер: суға қанығуы, тығыздық коэффициенті, сығымдау беріктігінің шегі сынды олқылықтар орын алды.  Инспекциялық тексеріс нәтижелері бойынша 79 ақау анықталды. Бүгінгі таңда оның 47-сі бойынша олқылық жойылды, — дейді  Арман Тұрасимов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz