Петропавлда полиция қызметкерінің мүрдесі табылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да полиция қызметкері қаза тапты,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы ықшам аудандардың біріндегі өз пәтерінде   учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды. Марқұм  1990 — жылы туған, Петропавл қаласының полиция басқармасында жұмыс істеген. Марқұмның кеудесіне пышақ сұққан.

Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  99-бабы, яғни кісі өлтіру фактісі бойынша   сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған фактіні Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы растады.

Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұловтың айтуынша    аталған қылмыстың   кәсіби қызметке қатысы жоқ,   екеуара келіспеушіліктен туындаған жанжалдың кесірі болуы мүмкін.  Қазіргі күні марқұмның  әйелі тергелуде.  Сот сараптамалары тағайындалады. Болжамды қылмыс қаруы алынды. Тергеу барысы СҚО прокуратурасының бақылауына алынды.

Марқұмның  артында екі кішкентай баласы қалды.

Фото ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz