Якорь ауылында 20 жылдан кейін су тапшылығы мәселесі шешілмек

Авторы: Qyzyljar News

Якорь елді мекенінде 20 жылдан кейін ескірген су құбырларын ауыстыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2 мыңнан астам тұрғыны бар Якорь елді мекеніндегі су құбырларының әбден тозығы жетіп, ескірген. Сол себепті, су сағат 16.00-ден 23.00-ге дейін ғана беріледі.

-Құбырларды тот басқан, су сап-сары. Әбден тозығы жеткендіктен қуаты шамалы, тәулік бойы қоса алмаймыз. Шіріген құбырлар бірден жарыла бастайды, — дейді Якорь ауылдық округінің әкімі Валерий Тихий.

Енді бұл мәселе біртіндеп шешімін таппақ. Ауылда 12 шақырым су құбыры жаңадан тартылады. Бұл жобаға республикалық және облыстық бюджеттен 463 млн теңге бөлінген. Жоспар бойынша ендігі жылы Якорь ауылының тұрғындары таза суға қол жеткізбек.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz