СҚО-да мерекеге орай өңір спортшылары марапатталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Спорт күніне орай «Green Park» отбасылық демалыс орталығында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шарада өңір басшысының орынбасары Дәурен Жандарбек облыс әкімі атынан аталмыш сала қызметкерлерін, ардагерлері мен спортшыларды төл мейрамдарымен құттықтады.

– Бүгіндері облыс тұрғындарының 35 пайызы салауатты өмір салтын ұстанып, белсенді түрде спортпен айналысып жүр.  Өңірде халықты жаппай спортқа тарту мақсатында  1300-ден астам шара өтіп, оған 250 мыңға тарта солтүстікқазақстандық қатысты. Баршаңызды төл мерекеңізбен құттықтай келе, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызда табыс тілеймін, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бұл күні өңірдің спортын алға жетелеп жүрген 30-ға тарта жаттықтырушы, ардагер мен сала қызметкері   марапатқа ие болды. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтару мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Мұхтар Игібаев, Вячеслав Латышев, ,Азамат Есімов, Файзурахман Байқадамовтар марапатталды.

Кейін басқа да сала ардагерлері мен қызметкерлеріне  облыс әкімінің құрмет грамоталары мен Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттары табысталды.

Салтанатты жиында «Халықтық спорт ойындары» бағдарламасына енген 5 спартакиаданың нәтижесі де қорытындыланды. Жеңіс тұғырына – Қызылжар ауданы, екінші орын – Ғ. Мүсірепов ауданына бұйырса, үздік үштікті – шалақындықтар түйіндеді. Оларға кубоктар мен грамоталар табысталды.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz