СҚО-да синтетикалық есірткі сататын «веб-дүкен» жабылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері синтетикалық есірткі сататын кезекті «веб-дүкенді» жапты. 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол есірткі жасырушы мен «Telegram» мессенджеріндегі «дүкеннің» әкімшісі ретінде және Петропавл қаласының аумағында «синтетикалық есірткі» таратумен айналысты деген күдікке іліккен, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тұрғылықты жері және жауаптарды тексеру барысында анықталған есірткі жасырған орында 5,32 грамм белгісіз зат сатылмай қалған. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның «спайс» екені белгілі болды. Полицейлер синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшері 1 грамнан басталатынын еске салады. Сонымен қатар, таразы мен буып-түю материалдары, «Telegram» мессенджеріндегі «дүкеннің» қызметіне қатысты дәлелдер алынды.

-Ұсталған адам еш жерде жұмыс істемейді, ешқандай есепте жоқ.  Аталған факті Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, тергеу жүргізілуде. Жыл басынан облыста есірткі сатудың 74 фактісі анықталды, — деді  нақтылады СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы   Иван Терзиди.

Фото: СҚО ПД.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz