СҚО-да шошқа тұмауын жұқтырғандар бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазан айынан бастап СҚО-да 20 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2022/2023 жылғы эпидемиялық маусым басталғалы  ЖРВИ жұқтырған  20483 адам  тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42%-ға көп.   Науқастардың ең көбі  14 жасқа дейінгі балалар, – 13416  бала  немесе 66%.

2022 жылдың 14 қазанынан бастап облыста тұмау жағдайлары тіркеле бастады. Облыста барлығы В типті тұмаудың, 244 және А типті тұмаудың яғни «шошқа тұмауының»  2 зертханалық расталған жағдайы (H1N1) тіркелді. Ауырып қалғандардың барлығы тұмауға қарсы екпе алмаған.

Науқастардың ішінде 46 жүкті әйел (18%), 14 жасқа дейінгі 76 бала (31%) тіркелді, оның ішінде МДО 7 бала, 43 оқушы.

Ауырғандардың басым бөлігі петропавлдықтар, аудандар арасында тек Уәлиханов ауданында  ғана  анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта тұмаудың  алдын алудың тиімді әдістерінің бірі-вакцинация. Бүгінгі таңда облыста қауіп тобына жататын 75 000 адамға вакцина егілді: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар және немесе 13,7%.  ДДСҰ ұсынысы бойынша ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін  кем дегенде 10% екпе салдыру тиіс.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz