Қазақстанда әйелдер 61 жаста зейнетке шығады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

  Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды  qyzyljarnews.kz тілшісі   Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетсек, аталған Заңға сәйкес мынадай ұғымдарды заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылған:- жастардың даму индексі;- уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар);- жастармен жұмыс жөніндегі маман;- жастардың еңбек жасақтары.Сондай-ақ құжат аясында «жастар» ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді. Жалпы бұл құжат жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер береді. Атап айтсақ, жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған түзетулер қаралған.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру үшін заң аясында әлеуметтік блокты шешетін мынадай түзетулер енгізілді:

— бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу;

— ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу.

— әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту;

— жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz