Облыс орталығында екі бала иіс тиіп уланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда пешті дұрыс қолданбаудың салдарынан екі бала иіс тиіп уланып қалды. Қазір олар Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы балалар ауруханасында тиісті ем алып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қаңтардың 23-і күні Петропавлдағы Смирнов көшесіндегі жер үйлердің бірінде болды. 7 және 4 жастағы екі бала пештен иіс тиіп уланды. Олар бірден облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жағдайлары орташа, ем алып жатыр.

– Балалардың улануына пеш мұржасын ерте жауып тастау себеп болған. Үйде балалардың жанында 30 жастағы анасы болған, келіншектің жағдайы жаман емес, тұрақты, – дейді СҚО ТЖД мемлекеттік өрт қадағалау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Жыл басынан СҚО-да 37 өрт тіркеліп, 6 адам қызыл жалынның құрбаны болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz