Алаяқтардың арбауына түспеңіз!

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғыны алаяқтарға төтеп берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандықтар алаяқтықтың жаңа форматымен бетпе-бет келіп отыр: қаскүнемдер телефон арқылы өздерін полиция қызметкері ретінде таныстыра отырып, сөйлесіп отырған адамның жақын адамы заңды бұзды деп хабарлайды және қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін қомақты ақша талап етеді. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырды. Олар жадынамалар таратып, алаяқтардың айла-әрекеттерін түсіндіріп жатыр. Кезекті акция барысында жедел уәкілдер СҚО әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың өкілдерімен және полицияның ерікті көмекшілерімен бірікті. Жедел уәкілдер Петропавл көшелерінде адамдармен кездесіп, №1 қалалық емханаға барды. Жасы үлкен адамдарға ескерту жасауға баса назар аударылады – олардың көбі алаяқтардың құрбаны болады. Егде жастағы науқастар полицейлерге түсініктеме бергені үшін алғыс айтты.

Тәртіп сақшыларының тұрақты ақпараттық жұмысы өз нәтижесін беруде: көбінесе тәртіп сақшылары алаяқтармен қалай күресуге болатындығы туралы адамдардың әңгімелерін естиді. Петропавлдықтардың бірі шалынған қоңырау туралы айтып берді.

– Олар қоңырау шалғанда, мен оның кім екенін түсінбей қалдым. Дауысы бір менің танысымның дауысына ұқсап тұрғасын, оның атын атағанымда, “Иә, менмін” деп жауап қатты. «Полицияға ақша төлеп құтылу қажет» деді ол әңгі арасында. Қуанышқа орай, менің таныстарымның арасында есірткіге жақын адамдар жоқ, сондықтан бұл алдау екенін лезде түсіндім. Бірақ, шынын айту қажет, басында рас болып жатқандай көрінді, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz