Қос диплом бағдарламасы бойынша 1124 талапкерден өтініш түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да алдағы оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 1 қыркүйекте университет студенттерге, соның ішінде қос диплом бағдарламасына түскендерге есігін айқара ашады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда 1124 талапкер Аризона университетімен серіктестік бағдарламасы бойынша оқуға өтініш білдірді. Айта кетерлігі, талапкерлер арасында ҰБТ-да жоғары ұпай айлғандар көп. Бірлескен оқу бағдарламасына Солтүстік Қазақстан, Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Семей, Ақтөбе және еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарынан өтініштер түсті.

Қос диплом бағдарламасы 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: биология ғылымдары, ақпараттық технологиялар және инклюзивті білім беру. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқуды сәтті аяқтаған студенттер екі диплом алады (қазақстандық және америкалық).

Студенттер Аризона университетінің цифрлық ресурстарына қол жеткізеді, америкалық оқытушылар сабақ береді, ай сайынғы стипендия төленеді, жатақханада тұру мүмкіндігі қарастырылған. Болашақ студенттер үшін басты артықшылық – АҚШ университетінде алты ай тегін оқу мүмкіндігі.

Оқу жылының басынан озық стандарттарға сәйкес салынған оқу-зертханалық кешен жұмыс істей бастайды. Кешенде жас зерттеушілердің практикалық білімдерін жетілдіру үшін 60-тан астам жаңа зертханаға жұмыс істейді. 20 инженерлік, 20 жаратылыстану және агротехнологиялық, 10 – медициналық бағыт бойынша зертхана бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz