Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды. Бұл лауазымға полиция полковнигі Марат Жұмалиев келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 42 жастағы Марат Жұмалиев өңір тумасы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда туған. Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.

Еңбек жолын Петропавл қалалық полиция басқармасы 2 полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастаған.

Кейін түрлі лауазымдарда, оның ішінде қалалық полиция басқармасы мен облыстық полиция департаментіндегі криминалдық полиция бөліністерінде басшылық қызметте болды. Осыған дейінгі соңғы лауазымы – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы.

Қалалық полициясы басқармасының жетекшісін таныстырған СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов жаңа басшыға өңірдегі ең ірі полиция бөлінісінің жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыруда сәттілік тіледі.

Петропавл қалалық полиция ведомствосының бұрынғы басшысы полиция полковнигі Ербол Тайбеков Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz