6 жасар қыз табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Полицейлер жоғалған 6 жасар қызды тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимское ауылының тұрғыны алты жасар қызына туыстарында қонуға рұқсат берген. Келесі күні оның үйге қай уақытта қайтуға дайындалатынын телефон арқылы сұрап білмек болған жақындары бүлдіршіннің екі сағат бұрын кетіп қалғанын естиді. Алаңдаған  ата-ана учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Руслан Қоянбаевқа жүгініпті.

Дереу құрылған 8 мобильдік топ аудан орталығын және баланың болуы мүмкін мекенжайларын тексерген. Туыстары мен көршілері, ауылдағы  мектептің мұғалімдері де қалыс қалмады. Жоғалған қызды кезекшінің көмекшісі полиция сержанты Бекасыл Ермахан тауып алды.  Бүлдіршін жолда құрбысының үйіне кіріп, екеуі бірге ойнаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz