Құмар Ақсақалов Петропавлдағы құрылыс алаңдарын аралады

Авторы: Qyzyljar News

Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге қаладағы құрылыс нысандарын, атап айтсақ, «Жас Өркен» ықшам ауданындағы емхананы, қазақ театрын, студенттерге арналған жатақхананы, әскери корпус пен Горький мен Букетов көшелерін аралады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Жас Өркен» шағын ауданының тұрғындарына медициналық қызметтер қолжетімді болу үшін былтыр қараша айында бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхана құрылысы басталды. Бүгінде жұмыстың 30%-ы орындалды. Құрылысшылар 2022 жылдың соңына қарай тапсыруды жоспарлап отыр. Бірақ, тұрғын үйді сыру жұмыстарына байланысты шаруа аздап ақсаңдаған. Тиісті құрылыс материалдары мен медициналық жабдықтар сатып алынды. Жобаның жалпы құны 2,7 миллиард теңгеден асады. Құмар Ақсақалов шағын ауданда 10 мыңнан астам адам тұрып жатқанын, сондықтан жақын арада балабақша құрылысының жобасын дайындау басталатынын атап өтті.

whatsapp image 2022 05 26 at 16.21.24 1 1

Сондай-ақ, өңір басшысы жаңа қазақ драма театрының құрылысымен танысты. Нысанды 2019 жылдың соңында тапсыру жоспарланған болатын, бірақ біраз кедергілердің туындауына байланысты, тапсыру мерзімі шегерілді. Қазір театрда шатыр мен баспалдақтар орнатылып, желдету жүйесін монтаждау, коммуникацияларды қосу жұмыстары жүргізілуде. Нысан күзде пайдалануға берілуі мүмкін.

Қазір облыс орталығында бірнеше жол қалпына келтірілуде. Горький көшесіндегі жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба бойынша Партизан көшесіне дейінгі учаске ағымдағы жылдың 31 қыркүйегіне дейін аяқталады. Петров көшесіне дейін жаңғырту жұмыстары келесі жылға жоспарланған. Қазір нысанда асфальтбетон жабынын бөлшектеу, нөсер кәрізін демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Горький көшесін аралау барысында ешқандай олқылықтар байқалмады. Ал Бөкетов көшесіндегі жұмыстарды облыс әкімі сынға алды.

-Жоспарға сәйкес қалпына келтіру жұмыстары былтыр аяқталуы тиіс еді. Алайда, белгісіз себептермен жұмыс созылып кетті. Осының кесірінен, басқа көшелерге түсетін жүктеме артты. Тұрғындар үйлеріне, бизнес субъектілеріне жете алмауда. Бұл масқара ғой! Жауапты адамдарға айыппұл салынады, — деді облыс әкімі.

Бағаның өсуіне байланысты алғашқы жобаға түзетулер енгізілді. Қыста жаңғырту жұмыстары мүлдем тоқтап қалды. Қазір учаскеде су құбырын орнату, жер асты нөсер кәрізіне желілерді қосу жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін асфальт жабынын қалпына келтіру басталады. Жұмыстар 20 маусымға дейін аяқталады деп күтілуде.

whatsapp image 2022 05 26 at 16.21.25whatsapp image 2022 05 26 at 16.21.26

Қазір Петропавлда 244 орындық екі студенттік жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Мердігер ұйымдармен туындаған барлық мәселелер шешімін тапқан. Университет және олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің студенттеріне арналған жатақхана осы жылы пайдалануға беріледі. Қазір Солтүстік Қазақстан университеті студенттеріне арналған 11 қабатты екі жатақхана салу үшін конкурстық рәсімдер өтуде.

-Жатақханаларда орын тапшылығы сезіледі. Шамамен 1500 орын. Ең алдымен университеттің қажеттілігін жабу қажет. Бұл жұмыс ЖОО контингентінің ұлғаюымен қатар жүруде. Аризона университетімен ынтымақтастық СКУ — да оқуға ниет білдірушілердің санын айтарлықтай арттырады, — деді облыс әкімі.

Баспасөз туры аясында Құмар Ақсақалов Қазақстан Ұлттық гвардиясы Әскери академиясының жаңа казармасының құрылыс алаңына да барып қайтты. Шаруаға 5,4 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ, қазір оқу корпусын салу үшін қазаншұңқыр дайындалып жатыр, болашақта спорт кешенінің құрылысы басталады.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz