Петропавлда жолаушылар тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық қоғамдық кеңесте Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин жолаушылар тасымалын ұйымдастыру саласында жеті қатер анықталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша біріншісі-маршруттарды лоттар бойынша бөлу және автобустың нақты жүрісі негізінде тарифті қарау кезінде анықталған.

– Лоттар бойынша маршруттарды бөлу біркелкі жүргізілмеген. Ірі лоттарға айына 100 мыңнан астам адам жолаушылар ағыны бар маршруттар кіреді, ал керісінше бір-екі бағыты бар лоттар 50 мыңға дейін жолаушылар ағынымен аз пайда әкеледі. Талдауға сүйене отырып, үш негізгі тасымалдаушыны бөліп көрсету керек. Қалғандарының үлесі небәрі 3% құрайды, — деп түсіндірді Дамир Хабибулин.

Ол тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі процестері автоматтандыруды және мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізуді қажет ететінін атап өтті.

— Тарифтердің есептеулерін тексеру кезінде тасымалдаушылардың оларды негізсіз асыра бағалау белгілері анықталды. Маршрут бойынша автобустың жол жүру жиілігі ескеріледі, ал GPS жүйесімен тексерілген ай сайынғы орындалған жұмыс актілерін талдау кезінде жол жүру жиілігі іс жүзінде екі есе аз болған. Осыған сүйене отырып, отынға, амортизацияға және т.б. шығындар екі есе аз болуы керек. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою тарифті есептеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруды енгізуді және дискрециялық өкілеттіктерді алып тастауды талап етеді, — деді Дамир Хабибулин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz